Мырзатай Жолдасбеков. Түркітанудағы тың талпыныс
Қазақстанда түркологиялық зерттеулер қазір негізгі екі бағыт бойынша жүргізіліп келеді, олар: ерте дәуірдегі және одан кейінгі жазба ескерткіштерді зерттеу; қазіргі түркі халықтарының тілі мен мәдениетін синхронды зерттеу.
Жазба ескерткіштерді кеңес түркологтары біршама жақсы зерттеді. Оларды жаңаша тұрғыдан Батыс пен Шығыстың, ТМД-ның, оның ішінде Қазақстанның ғалымдары да саралап-сараптауда.
Дүние жүзінде 40-тан астам түркі тілі бар. 2009 жылғы халық санағына сәйкес, Қазақстанда 25 түркі этносы мекендейді екен. Еліміздегі түркі халықтарының тілдерін, мәдениеті мен тарихын синхронды талдау бүгінге дейін ретсіз жүргізіліп келді.
Қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу тарихын, олардың жіктелуін, қазақ, орыс және басқа да тілдермен байланыста дамуын, сондай-ақ, Қазақстандағы түркі этностары мәдениеттерінің бір-біріне әсерін зерттеу де зор қажеттілік болып табылады. Төл топырағынан тысқары өмір сүріп жатқан түрік этностарының тілдік құрылымы, олардың тілдерінің дамуындағы социолингвисткалық факторларды талдау аса маңызды.
Жақын туысатын түркі тілдері мен әдебиетін біреуінің басымдыққа ие жағдайда өзара әрекеттесуін зерттеу де – ауқымы кең тақырып. Қазақстан Халықаралық түркі академиясы, ТҮРКСОЙ, ТүркПА сынды институттар қызметінің, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында түркі халықтарының рухани және материалдық мәдениетін зерттеу үшін маңызды қадамдар жасап отыр. Білім мен ғылым саласында да көптеген жұмыстар атқарылуда. «Түркология» мамандығы бойынша Қазақстанның үш жоғары оқу орнында кадрлар даярланады. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен қатар, осыдан алты жыл бұрын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде түркология кафедрасы ашылды. ЕҰУ-да «Түркология» мамандығы бойынша барлық үш сатыда (бакалавриат – магистратура – PhD докторантура) білім беріледі.
Кафедра ұтқырлық бағдарламасы аясындағы әріптестік, PhD докторанттары үшін шетелдік консультанттарды шақыру, ғылыми форумдар мен семинарлар өткізу, жазғы және қысқы түркологиялық мектептер ұйымдастыру бағыттары бойынша халықаралық байланыстарды белсенді түрде дамытып келеді. Бұл жұмысқа Ресей, Түркия, Германия және Венгрия елдерінің танымал түрколог ғалымдары тартылған. ЕҰУ-дің түркология кафедрасы Германия, Венгрия, Түркия, Армения, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінің түркологиялық кафедраларымен, Санкт-Петербург пен Мәскеудің ғылыми орталықтарымен және түркологиялық мектептерімен, Ресей Федерациясының субъектілерімен (Хакасия, Тува, Таулы Алтай, Татарстан, Башқұртстан) тығыз ғылыми байланыстарды жолға қойған. Түркология кафедрасы үшін шетелдік түркологиялық мектептермен, мәселен, негізгі жұмыс бағыттарының бірі ежелгі түркі жазба ескерткіштері, сондай-ақ жоғалып бара жатқан түркі тілдері салаларындағы зерттеулер болып табылатын герман мектебімен байланыс орнату өте тиімді.
Қазіргі таңда қазақ-герман ынтымақтастығы «Бұрынғы кеңестік Қазақстандағы түрік тілдері мен мәдениеттерінің өзара қатынасы» атты халықаралық жобаның арқасында нығайып келеді. Бұл жобаны Германияның Берлин қаласындағы Еркін университет, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ғалымдарының бір тобы «Volkswagen» қорының гранттық қолдауымен жүзеге асыруда. 2014 жылғы мамыр айында басталып, 2017 жылғы тамыз айында аяқталатын бұл жобада мына мәселелер кешені қамтылған: Қазақстан аумағын мекендейтін түрік этностарының тілдік құрылысы, олардың тілдерінің дамуына әсер ететін социолингвистикалық факторлар, өкілдері Қазақстан аумағында тұратын, жоғалып бара жатқан түрік тілдерін (қарайым, қырымшақ, шор) құжаттау.
Осы жоба аясында Интернет арқылы барлық түркологтарға қолжетімді болатын электронды корпус жасалады. Бұл социолингвистикалық деректердің және Қазақстандағы түркі тілдерінің, оның ішінде жойылып бара жатқан тілдер де бар, мәтіндік корпусының алғашқы электронды базасы болатынын атап өткен жөн. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең социолингвистикалық зерттеу жүргізуге негізделеді. Осы мақсатта мына мәселелер қамтылған арнайы анкета жасалды: өзін-өзі тану, төлқұжат бойынша этностық және ұлттық ерекшелік; халықаралық некелердегі ұлтты айқындау; отбасы тарихы (отбасының көші-қон тарихы); тілдік өкілеттілік, түрлі жағдайлардағы тілдік қолданыс; түрік этностарына көрсетілетін мемлекеттік қолдау (мектепте оқытылуы, бұқаралық ақпарат құралдары); білім деңгейі және т.б. Анкеталық сауалнама Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі 2000-нан астам адамды қамтыды.
Сауалнамаға қатысушылардың 54 %-ын әйелдер, 45 %-ын ер адамдар құрады. Зерттеу 10-нан 98-ге дейінгі жастағы респонденттер арасында жүргізілді. Респонденттердің басым бөлігін 20-75 жас аралығындағы топтар құрады. Басқа жас топтары бойынша респонденттердің үлесі айтарлықтай төмен. Ең үлкен интервьюрердің жасы 98-де, ең кішкентайы 10 жаста. Сауалнамаға қатысқандардың жас алшақтығы 88 жасты құрады. Бұл түркі тілдері мен мәдениеттерінің даму барысындағы ғасырға жуық аралықта болған өзгерістерді айқындауға мүмкіндік берді. Зерттеудің екінші кезеңі Қазақстандағы жойылып кету алдында тұрған түркі тілдерін құжаттандыруға арналған. 2009 жылғы халық санағына сәйкес, елімізде 493 гагауз, 218 қарайым, 35 қырымшақ, 96 шор, 37 тувалық, сонымен қатар татарлар (204.229), әзербайжандар (85.292), түріктер (97.015) сынды саны көп түрік этностары тұрады. 2014 жылғы наурызда Жамбыл облысына алғашқы далалық экспедиция ұйымдастырылды. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Мерке, Ақбұлым ауылдарын мекендейтін түркі тілді этностар өкілдерінің аудио-бейне жазбасы жасалды. Неміс ғалымдары қазақ әріптестерімен бірлесіп, аудио-бейне құжаттаудың техникалық өлшемдері, информанттардан сауалнама алу мен деректердің негізгі аспектілері, сонымен қатар метадеректер жүргізу арқылы тілдерді негізгі құжаттау бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды. 2014 жылғы қыркүйекте жобаның екінші экспедициясы ұйымдастырылып, оған Франкфурт университетінің студенттері мен магистранттары, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің түркология кафедрасының, сонымен қатар М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистранттары қатысты.
Жас зерттеушілерге құжаттаудың жаңа машықтарын, материалдарды халықаралық стандарттарға сай дұрыс өңдеуді, социолингвистикалық зерттеулер материалдарын мұрағаттауды меңгеруге керемет мүмкіндік жасалды. Ең бастысы, түрлі этностардың өздерінің аман-есен, тілдері мен мәдениеттерін сақтап қалуға көмектескен қазақ халқына деген алғыс сезімдерін жеткізді. Еліміздің түрлі өңірлеріндегі мәдени орталықтардың жетекшілері өз халықтарының өкілдерінің жастарымен де, қарттарымен де кездесу ұйымдастыруға үлкен қолдау жасады, әр этностың өкілдері бастан кешкен қасіреттері туралы баяндап, Қазақстанның азаматы екендіктерін мақтан тұтатындарын айтты. Сөз жоқ, аталған халықаралық жоба Қазақстан мен Германияның академиялық дәстүрлері мен ғылыми мектептері арасындағы өзара түсіністік пен жемісті ынтымақтастыққа оң ықпал етеді, сондай-ақ, екі елде түркологияны дамытуға көмегін тигізеді.
Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы, профессор

Источник: https://egemen.kz/2017/03/17/110127